Тіс сезімталдығының себептері

Тіс сезімталдығының белгілері

Тіс сезімталдығының себептері

Тіс сезімталдығын тудыратынкең тараған факторлар

Тістің аса сезімталдығымен байланысты ауыру ұстамаларын немесе ауырсыну сезімдерін көптеген факторлар тудыруы мүмкін. Бұдан әрі осылардың ішінде ең кең тарағандары көрсетілген:

  • Суық тамақ пен сусындар
  • Ыстық тамақ пен сусындар
  • Тәтті немесе қышқыл тамақ
  • Суық ауа жұту
  • Тісті тазарту
Тіс сезімталдылығын тудыратын кең тараған факторлар

Тіс жегісін қоса алғанда, тіс ауруының басқа да себептері

Бұдан әрі тіс  ауыруын тудыратын өзге кең тараған мәселелердің кейбіреуі көрсетілген:

Тіс жегісі

Тіс жегісі тудыратын ауырсыну тістің сезімталдығы кезінде туындайтын ауырсыну сияқты сезіледі. Тамақ мен сусынның құрамындағы қант тіс бетіндегі тіс өңезінің құрамындағы бактериялармен әрекеттесіп, қышқыл түзген кезде тіс жегісі туындайды. Бұл қышқылдар эмаль мен дентинді біртіндеп жұмсартып, ерітуі мүмкін. Фторы бар тіс пастасымен тісті күніне екі рет тазарту сіздің тісіңізді нығайтуға көмектеседі.
Күрделі сатыға көшпейінше сіздің ауырсынуды сезбеуіңіз тіс жегісінің басты мәселесі болып табылады.  Оны өте ерте сатыларда емдеуге болады. Сондықтан, сіз ауырсынуды сезбеген болсаңыз да , үнемі стоматологтың профилактикалық тексеруінен  өтіп отыру маңызды, өйткені ол тіс жегісінің ерте белгілерін анықтап, тиісті ем жүргізе алады.

Отбеливание зубов  

Адамдардың басым бөлігі ағарту процедурасын жүргізетін кезде және кейін тістің сезімталдығынан зардап шегеді. Тістің сезімталдығы дегеніміз ағартқыш заттарды пайдалана отырып,  стоматологтың бақылауымен жүргізілетін кәсіби процедуралар. 
Ағарту процедурасы кезінде және кейін туындайтын сезімталдылық  дентиннің аса сезімталдығынан ерекшеленеді. Тісті ағартуға арналған құралдың құрамындағы ағартқыш құрамдас бөлік эмаль мен дентин арқылы өтіп, тістің ортасындағы пульпаға түседі де,  сол жерде қабыну мен уақытша сезімталдылықты тудырады деп есептеледі.

Тісті емдеу тиімділігі

Тісті емдегеннен кейін біраз уақыт бойы орын алатын тістің сезімталдығы да сирек емес. Бірақ, ауырсыну сезімдері ұзақ уақыт бойы сақталатын болса,  бірден стоматологтың көмегіне жүгіну керек. 
Тіс сезімталдығының басқа да жиі кездесетін себептері  абсцесстер мен тіс жарықшақтарын да қамтиды. Тіс пен қызыл иекті тексеру үшін стоматологқа ұдайы барып отыру маңызды. Сіздің тісіңіз ауырып немесе жайсыздық пайда болған жағдайда, әсіресе, бұл ұзақ уақыт сақталатын болса, өз стоматологыңыздың көмегіне жүгініңіз

ТІСТІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ