Тіс сезімталдығының себептері

Тіс сезімталдығының себептері

Тіс сезімталдығының себептері

Қызыл иектің саулылығы және тістің сезімталдығы

Тістің саулылығы үшін қызыл иектің саулылығы аса маңызды. Қызыл иектің рецессиясы тіс сезімталдығының басты себептерінің бірі болып табылады.  Тісті тым жиі немесе жемір тазарту,  қызыл иектің ұзақ уақыт ауыруы  (гингивит немесе периодонт аурулары) және жастың ұлғаюы қызыл иектің рецессиясына ықпал етуі  мүмкін. Қызыл иек түсіп кеткен кезде дентин уақыт өте жалаңаштала бастайды.

Қызыл иектің саулылығы және  тістің сезімталдылығы

Ағарту процедуралары тістің сезімталдығын тудыруы  мүмкін бе?

Тісті кәсіби ағарту процедураларынан кейін туындайтын сезімталдық  дентиннің аса сезімталдығынан ерекшеленеді. Дентиннің аса сезімталдығы тіс дентині жалаңашталған кезде (әдетте тістің рецессиясы немесе эмальдің тозуы салдарынан) туындайтын тістің кең тараған әрі ауырсыну жағдайы. Бірақ ағартқан жағдайда ағартқыш зат тіске еніп, сезімталдылық тудырады деп есептеледі.

Клиникалық зерттеулер құрамында калий нитраты бар тіс пасталарының  кәсіби ағарту процедуралары салдарынан туындайтын сезімталдылықты төмендететінін көрсетіп отыр. Осы зерттеулердің барысында құрамында калий нитраты бар   Sensodyne® тіс пастасын екі апта бойына ағарту процедуралары кезінде және дейін қолданған қатысушылардың құрамында фторы бар әдеттегі тіс пасталарын пайдаланған қатысушылармен салыстырғанда тістің сезімталдығынан анағұрлым азырақ зардап шеккенін көрсетіп отыр.
Сіз ағарту процедурасынан өтуді жоспарлап отырған болсаңыз, ағартқыш заттардың салдарынан туныдайтын сезімталдық туралы өз стоматологыңызбен кеңесіңіз .

Ағарту процедуралары тістің сезімталдылығын тудыруы  мүмкін бе?

ТІСТІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ

Sensodyne онлайн диагностикасы

Sensodyne® онлайн диагностикасы

Сізде кейбір тіс сезімталдығының белгілері бар деп есептейсіз бе? Біздің онлайн диагностика - тістің осы күйі туралы Сізге көбірек білуге көмектесетін пайдалы құрал.  Ол бірнеше минутты ғана алады және Сіз одан қазір-ақ өте аласыз.

Онлайн диагностикадан өту