Тістің сезімталдығын не тудырады?
Дентиннің аса сезімталдығы немесе тістің сезімталдығы кең тараған стоматологиялық мәселе болып табылады. Бұл уақыт өте келе қызыл иектің түсіп кетуі немесе эмальдің тозуы сияқты жиі туындайтын мәселелер нәтижесінде өршуі мүмкін жағдай. Тістің сезімталдығынан зардап шегушілердің басым бөлігі 20 жас пен 50 жас аралығында. Дентин деп аталатын тістің анағұрлым жұмсақ ішкі бөлігі жалаңаштала бастаған кезде сезімталдық өрши бастайды. Дентин эмаль мен қызыл иектің астында орналасқан. Дентин арқылы тістің ортасына қарай мыңдаған микроскопиялық арналар тарайды. Дентин жалаңашталған кезде сыртқы тітіркенгіштер (мысалы, суық сусындар) тістің ішіндегі жүйкені қоздырып, бұл тістің сезімталдығы салдарынан туындайтын өзіне тән қысқа уақыттық жіті ауырсынудың пайда болуына алып келеді.
Сіздің дентиннің аса сезімталдығынан зардап шегетініңізді стоматолог қана анықтай алады. Сізді қандай да бір стоматологиялық мәселелер мазалайтын болса, өз стоматологыңыздың кеңесіне жүгініңіз. Сізде дентиннің аса сезімталдығы болса, ауыз қуысына күнделікті күтім көрсету мен тамақтану әдетіне қарапайым өзгерістер енгізу арқылы сіз дентиннің әрі қарай жалаңашталуын барынша азайтуға, сезімтал тіске күтім көрсетіп, ауырсыну белгілерін азайтуға ықпал ете аласыз.
Бұл бөлімде біз тіс сезімталдығының кейбір басты себептерін қарастырамыз.
- Эмальдің тозуы, мысалы, тісті шықырлату немесе тісті тым жиі тазарту салдарынан
- Қызыл иектің рецессиясы, мысалы, қызыл иектің ауыруы немесе тісті жемір тазарту салдарынан
Тісті кәсіби ағарту кезінде немесе кейін туындайтын сезімталдылық (ағартқыш құралдардың көмегімен) дентиннің аса сезімталдығынан ерекшеленеді. Анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін Тісті ағарту процедуралары тістің сезімталдығын тудыруы мүмкін бе? деген бөлімнен қара
ТІСТІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ