Конфиденциалдылық саясаты

Конфиденциалдылық туралы бұл ереже  «ГСК Қазақстан» ЖШС-ң, ГлаксоСмитКляйн компаниялар тобына (бұдан әрі – «ГСК») кіретін оның үлестес тұлғаларының   осы веб-сайтқа кіретін тұлғалар туралы ақпаратты жинау, сақтау және пайдалану әдістерін сипаттайды. ОСЫ ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СІЗ  ОСЫ КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫНА СӘЙКЕС  АҚПАРАТТЫ ЖИНАУМЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУМЕН КЕЛІСЕСІЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР СІЗ ГСК КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ОСЫ КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫН АЛДЫН АЛА ХАБАРЛАНДЫРУСЫЗ ӨЗ ҚАРАУЫНА ОРАЙ МЕРЗІМДІ ТҮРДЕ ӨЗГЕРТІП, ЖАҢАРТЫП, ҚОСЫП, ЖОЙЫП НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЖОЛМЕН ЖАҢАРТЫП ОТЫРАТЫНЫН МОЙЫНДАЙСЫЗ. Бірақ пайдаланушының жеке ақпараты осы ақпаратты жинайтын сәтте қолданыста болған конфиденциалдылық саясатына сәйкес өңделіп отырады. Біз өзіміз жинайтын ақпараттың барлық түрі туралы, оны пайдалану қағидалары туралы, сонымен қатар оны ашудың мән-жайы туралы сіз хабарлар болып отыру үшін біз осы бетте конфиденциалдылық туралы саясаттағы өзгерістерді жариялап отыруға ниеттіміз. Біздің конфиденциалдылық туралы саясатымыз  үйдегі бетте жарияланған, сонымен қатар жеке деректерді енгізуді сұрайтын кез келген бетте қол жетімді болып табылады. Деректер жиналатын осындай беттерде  осындай деректерді қолдану әдісіне қатысты қосымша түсініктемелер орналастырылуы мүмкін

1. Конфиденциалдылыққа қатысты міндеттемелер

Осы конфиденциалдылық саясатында «Дербес деректер» термині жеке басты сәйкестендіру үшін қолданылуы мүмкін аты-жөні, туған күні, электронды мекенжайы, пошталық мекенжайы немесе телефон нөмірі сияқты ақпаратты белгілеу үшін қолданылады.  Әдетте, біз дербес деректерді  осы конфиденциалдылық саясатында сипатталғандай  пайдаланамыз. Бірақ заңда немесе заңдық тексеру аясында рұқсат етілген немесе ұйғарылған көлемде қосымша өңдеуді жүзеге асыру құқығын өзімізге қалдырамыз.  Келесі бөлімдерде пайдаланушылардың дербес деректерін жинау әдісі мен талаптары  сипатталады

2. Дербес деректерді болжамды пайдалану 

Сервистердің басым бөлігі үшін  веб-сайтқа сәйкестендірусіз кіруге рұқсат ететін тіркеу талап етілмейді.  Бірақ кейбір сервистерді пайдалану үшін дербес деректерді ұсыну қажет.  Бұндай сервистерді пайдаланатын кезде Сіз сұралған дербес деректерді енгізбейтін болсаңыз, Сіз веб-сайттың белгілі бір бөліктеріне кіре алмайсыз және біз Сіздің сұратуыңызға жауап бере алмаймыз. Біз өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін, сұралған өнімдер мен қызметтерге шот ұсыну үшін, өз ойымызша, пайдаланушылар үшін қызықты болуы мүмкін өнімдер мен қызметтерді жарнамалау үшін немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде өзге мақсатта пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін немесе пайдаланушыларға дербес деректерін сұрататын кезде хабарлайтын өзге мақсаттарда   пайдаланушылардың дербес деректерін жинап, пайдалана аламыз

3. Дербес деректерді жарияламау

Біз осы конфиденциалдылық саясатында  белгіленген талаптарды  қоспағанда, пайдаланушылардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға сатпаймыз,  таратпаймыз немесе басқа да  түрде ұсынбаймыз.  Әлемнің кез келген еліндегі ГСК компаниясының кез келген өзара байланысты кәсіпорындары осы ақпаратты осы конфиденциалдылық саясатының ережелеріне сәйкес қолдануға келісетін болса, біз оларға пайдаланушының дербес деректерін жариялай аламыз. Дербес деректер біздің атымыздан немесе біздің тапсырмамыз бойынша  әрекет ететін үшінші тұлғаларға  осы деректерді заңнама нормаларына немесе қызметтерді көрсету, осы веб-сайтың пайдасын бағалау, маркетинг,  деректерді басқару немесе техникалық қолдау көрсету сияқты оларды жинау мақсатына сай әрі қарай өңдеу үшін берілуі де мүмкін. Бұндай үшінші тұлғалар заңда көзделген жағдайларды, біз рұқсат берген жағдайларды және осы конфиденциалдылық саясатының ережелерін қоспағанда, келісілген мақсаттар үшін дербес деректерді айрықша пайдалануға қатысты,  дербес ақпаратты үшінші тұлғалардан сатудан бас тартуға және оларды үшінші тұлғаларға жариялауға қатысты бізбен келісімшарт жасасқан. Пайдаланушылардың жиналған дербес деректері осы сайтты немесе оның бір бөлігін, сонымен қатар байланысты пайдаланушылық деректерді сатқан, табыстаған немесе табыстаған жағдайда үшінші тұлғаларға табысталуы мүмкін.  Бұл жағдайда біз сатып алушының,  құқылы мирасқордың, немесе алушының  осындай дербес деректерді осы конфиденциалдылық саясатына сәйкес пайдалануын талап етеміз.  Сонымен қатар, біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  сот өкіміне немесе үкімет қаулыларына сәйкес тиісті  талапты алатын болсақ немесе бұндай ақпаратты ашу  сол елдегі немесе шетелдегі заңды тергеу немесе іс жүргізу әрекеті шеңберінде қажет болса,   дербес деректер үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін

4. Кіру, түзету және наразылық білдіру құқығы 

Дербес деректерді өңдейтін кезде  біз  оларды жинау мақсатына сай пайдалану үшін және пайдаланушының дербес деректерінің дәлділігі мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды шараларды қолданамыз. Біз осы саясатқа немесе заңнамаға сәйкес  өңдеу заңды коммерциялық мақсаттар үшін  негізсіз талап етілген болса, пайдаланушыға дербес деректерді өңдеуге наразылық білдіру мүмкіндігін ұсынамыз. Тікелей электронды маркетинг кезінде біз пайдаланушыға болашақта маркетингтік материалдарды алудан бас тарту немесе заңнамаға сәйкес оларды алуға жазылу мүмкіндігін ұсынамыз. Дербес деректерді пайдалануға қатысты бізбен байланысу үшін  немесе дербес деректерді өңдеуге қатысты наразылық білдіру үшін kz.safety@gsk.com. мекенжайына электронды хабарлама жолдаңыз. Хатта сіз деректерді жариялаған веб-сайттың атауын,  сонымен қатар  түзетуге, жаңартуға немесе жоюға тиісті деректерді, сонымен қатар өз сәйкестендіру деректеріңізді көрсету керек.  Деректерді жою туралы сұрату қолданыстағы заңнамаға, қолданыстағы этикалық нормаларға, деректерді толтыру немесе сақтау ережелеріне сәйкес қарастырылатын болады

5. Қауіпсіздік және конфиденциалдылық

Біз онлайн режімінде жинайтын дербес ақпараттың қауіпсіздігі мен конфиденциалдылығын қамтамасыз ету үшін  деректерді табыстаудың қорғалған желілерін пайдаланамыз, атап айтқанда, осы сала үшін стандартты брандмауэрлер мен парольдердің көмегімен. Пайдаланушылардың дербес деректерімен жұмыс істейтін кезде  біз осы ақпаратты жоғалудан,  дұрыс пайдаланбаудан, рұқсатсыз қол жеткізуден, ашудан, өзгертуден немесе зақымдаудан қорғау үшін ақылға қонымды шараларды қолданамыз.  Өкінішке орай, ақпаратты Интернет арқылы беру толығымен қауіпсіз болып табылмайды.  Біз Сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанымызбен, Сіз біздің сайтқа табыстайтын дербес деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз, сондықтан деректерді кез келген түрде табыстауды тәуекелге бел буа отырып жүзеге асырамыз.  Біз Сіздің дербес деректеріңіз жоғалмайды, арам пиғылмен қолданылмайды немесе өзгертілмейді деп кепілдік бере алмағанымызға қарамастан оларды алғаннан кейін жоғарыда көрсетілген жағымсыз көріністердің алдын алу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз

6. Передача данных в другие страны

Біз  ГлаксоСмитКляйн халықаралық компаниялар тобының бір бөлігі болып табыламыз және әлемнің түрлі елдеріндегі деректер базасына иелік етеміз, олардың кейбіреуі  ГлаксоСмитКляйн компаниялар тобынан шыққан жергілікті компаниялардың басқаруында, ал өзгелерін ГлаксоСмитКляйн компаниялар тобынан шыққан жергілікті компаниялардың  тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар басқарады

7. Cookie файлдары мен  интернет-тегтер

Біз пайдаланушының осы веб-сайтқа кіргені, атап айтқанда кірген беттері, қай веб-сайттан көшкені және нені іздегені туралы ақпаратты жинап, өңдей аламыз. Біз бұл ақпаратты веб-сайттың мазмұнын жақсарту үшін, сонымен қатар  ішкі маркетингтік зерттеулерге арнап пайдаланушылар туралы статистиканы жинау үшін  қолданамыз. Осы мақсатта біз пайдаланушы доменінің атын,  оның интернет-провайдерін, ОС, кірген күні мен уақытын тіркейтін  Сookie файлдарын орната аламыз.    Сookie  файлдары деп  пайдаланушының браузеріне жолданатын және оның компьютерінің қатты дискісінде сақталатын шағын көлемді ақпарат аталады. Бұл файлдар компьютерді зақымдамайды. Осы файлды қабылдау немесе одан бас тарту үшін  браузерді Сookie файлының алынғаны туралы пайдаланушыға хабарлайтындай етіп теңшеуге болады. Біз осы бөлімде сипатталған ақпаратты жинап, өңдеу үшін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалана аламыз. Бұған жанама, осы сайтта интернет-тегтерін  (іс-әрекет тегтерін, GIF пішіміндегі көзге көрінбейтін суреттерді, GIF пішіміндегі бірізді суреттерді)  және Сookie файлдарын қолдана аламыз, сонымен қатар бөгде жарнамалық әріптес немесе өзге елде орналасып, сәйкес ақпаратты сақтауы мүмкін (пайдаланушының IP-мекенжайын қоса алғанда) интернет-талдау жөніндегі әріптес арқылы осындай файлдарды-тегтерді өткізе аламыз.  Бұл тегтер/файлдар пайдаланушыларды осы веб-сайтқа, сонымен қатар оның түрлі беттеріне шақыратын онлайн-жарнамаға орналастырылады.  Біз бұл технологияны  біздің веб-сайттарға кірушілердің мүдделерін бағалау үшін, біздің жарнамалық кампаниялардың тиімділігі үшін (бетті ашу саны мен қаралатын ақпаратты қоса алғанда), сонымен қатар пайдаланушылардың осы веб-сайтты пайдалануын бағалау үшін қолданамыз.  Аталмыш тегтер/файлдар бөгде әріптеске/ интернет-талдау жөніндегі әріптеске біздің сайтқа кірушілер туралы ақпаратты жинауға, біз үшін веб-сайттардың белсенділігі турлы есептерді құрастуруға, сонымен қатар веб-сайтты және Интернет желісін пайдаланумен байланысты әрі қарай қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.  Олар бұл ақпаратты заңды негіздер болған жағдайда немесе өз тапсырмасы бойынша ақпаратты өңдеу үшін бөгде компанияларды жалдайтын кезде өзге тұлғаларға ұсына алады.  Онлайн-жарнамамен байланысты  интернетр-тегтер мен  Сookie файлдары туралы анағұрлым толығырақ ақпарат, сонымен қатар үшінші тұлғалардың осындай ақпаратты жинаудан бас тартқаны туралы ақпарат Network Advertising Initiative веб сайтында орналасқан: http://www.networkadvertising.org

8. Жеке ақпарат және балаларды қорғау

Осы веб-сайтта ұсынылатын қызметтердің басым бөлігі жасы 18-ге толған адамдарға арналған.  Балаларға арналған препараттар туралы ақпарат сұрататын тұлғалардың жасы 18-ге  толған болуы тиіс.  Біз жасы 18-ге толмаған  пайдаланушыларға қатысты ата-аналық міндетті орындайтын адамдардың (мысаны ата-ананың немесе қамқоршылардың) алдын-ала келісімін алмай, тікелей желіаралық байланыс арқылы осы 18-ге толмаған  тұлғалардың дербес деректерін саналы түрде жинамаймыз, пайдаланбаймыз және жарияламаймыз.  Біз ата-аналарға (1) кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға қатысты жиналатын дербес деректердің түрлері туралы  хабарламаны және (ii) осындай ақпаратты кез келген түрде әрі қарай жинауға, пайдалануға немесе сақтауға наразылық білдіру мүмкіндігін ұсынамыз

9. Өзге веб-сайттарға сілтемелер

Бұл конфиденциалдылық саясаты осы веб-сайтқа ғана таралады және оның үшінші тұлғалардың иелігіндегі веб-сайттарға қатысы жоқ.  Біз өз ойымызша, біздің сайтқа кірушілерге  қызықты болуы мүмкін өзге веб-сайттарға сілтемелерді ұсына аламыз. Біз осы веб-сайттардың ең жоғары стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді көздейміз.  Бірақ  Интернет желісінің өзінің табиғаты салдарынан  біз өзіміз сілтеме келтіретін веб-сайттарда конфиденциалдылық стандарттарының сақталуына кепілдік бере алмаймыз  және осындай веб-сайттардың мазмұны үшін жауапкершілік арқаламаймыз.  Осылайша, бұл конфиденциалдылық саясаты ГСК  Компаниясына тиесілі емес кез келген байланысты веб-сайттарға тарамайды. Өтінеміз,   кез келген жеке деректеріңізді енгізбес бұрын Сіз кірген веб-сайтқа орналастырылған Конфиденциалдылық туралы ережемен танысқаныңызға көзіңізді жеткізіңіз

10. Байланыстар

ГлаксоСмитКляйн компаниясының препараттары туралы қосымша ақпарат сұрату бойынша ұчынылады. Өнімнің сапасына қатысты жағымсыз көріністер немесе кінәраттар туындаған жағдайда  "ГСК КХ ҚАЗАҚСТАН" ЖШС-не жүгінуді сұраймыз: 050008,  Алматы қ.,   Манас к-сі, 32А.
Тел.: +7 (727) 244-69-99. Факс: +7 (727) 244 69 97. Электронды пошта: kz.safety@gsk.com