«COOKIE» ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ

GSK компаниясы «cookie» файлдарын веб-сайтымыздың пайдаланушыларының ыңғайлылығы үшін пайдаланады, соған байланысты Сізге осы «cookie» файлдарын пайдалану саясатын ұсынады. Саясат «cookie» файлдары дегеннің не екенін және оларды өзіміздің веб-сайтымызда қандай тәсілмен пайдаланатынымызды түсіндіреді. Егер веб-сайтымызға кірген кезде «cookie» файлдарын алғыңыз келмесе, осы файлдарды алған кезде хабарлама алу, сондай-ақ «cookie» файлдарына шектеу қою немесе бұғаттау үшін өз браузеріңіздің теңшеулерін өзгерте аласыз.

Көптеген өзге компаниялар сияқты GSK компаниясы да «cookie» файлдарын веб-сайтымызды пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін пайдаланады.

«cookie» файлдары – компьютерге веб-парақшалардың серверлері арқылы орналастырылған әріптері мен сандары бар жолдардан тұратын кіп-кішкентай файлдар болып саналады. Осы файлдардың көмегімен веб-сайттың иесі Сізді сайттың өзге пайдаланушыларынан ажырата алады. «cookie» файлдарын код ретінде орындау немесе вирустарды жіберу үшін және Сіздің қатты дискіңізге қол жеткізу үшін пайдалану мүмкін емес. Тіпті «cookie» файлдары Сіздің қатты дискіңізде сақталған кезде де, біз онда сақталған ақпаратты ала алмаймыз. «cookie» файлдарының көмегімен GSK компаниясының веб-сайттарында құрылатын деректер әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін, соның ішінде келесідей:

ҚАТАҢ МІНДЕТТІ

Осы «cookie» файлдары веб-сайт бойынша қозғалып отыру үшін және оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін, мысалы, қорғалған бөлімдерге кіре алу және тауарларды қоржынға жинау үшін қажет болып табылады.

 

ӨНІМДІЛІК

Осы «cookie» файлдары пайдаланушылардың веб-сайтты қалай пайдаланатыны, мысалы, көбінесе олар қандай парақшаларға кіретіні және олар қателіктері жайында хабарламалар алатыны туралы ақпаратты жинайды. Бұл файлдар веб-сайттың болашақтағы нұсқауларының жұмысын жетілдіру үшін пайдаланылады.

 

ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҚ

Осы «cookie» файлдары Сіз енгізген ақпаратты, мысалы, пайдаланушының атын, тілін немесе Сіз тұрып жатқан аймақты веб-сайттың есте сақтап қалуына мүмкіндік береді, соның арқасында веб-сайт жеке ерекшеліктерді ескереді.

 

МАҚСАТТЫ ЖАРНАМА

Осы «cookie» файлдары Сіз үшін аса маңызды және Сіздің мүдделеріңізге сәйкес келетін материалдарды Сізге ұсыну үшін пайдаланылады.

Біз үшінші тараптардың өз веб-сайтымызға жарнама орналастыруларына рұқсат етпейміз, бірақ Сіздің интернет желісіндегі жұмысыңыз кезінде интернет провайдерлердің рұқсатымен өз жарнамасын орналастыратын жарнама берушілерді бақылай алмаймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «GSK» компаниясы «қатаң міндетті файлдарды» қоспағанда, барлық «cookie» файлдарына қатысты Сіздің келісіміңізді алуға міндетті.

«cookie» файлдарын пайдалану туралы қосымша ақпаратты өз интернет-браузеріңіздің «Көмек» қызметін пайдалану және әйгілі интернет-браузерлердегі «cookie» файлдарын басқару туралы егжей-тегжейлі деректерден тұратын www.aboutcookies.org сайтына кіру арқылы ала аласыз.

 

СІЗДІҢ ЖЕКЕ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ БІЗ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ

«GSK» компаниясы коммерциялық тұрғыдан алғанда жеке ақпаратыңыздың маңыздылық деңгейіне сәйкес осы ақпараттың тиісті түрде қорғалуын қамтамасыз етудің орынды әдістерін пайдалануға міндеттенеді. Компания жеке ақпаратыңызды рұқсатсыз алудан, пайдаланудан немесе жария етуден қорғауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері мен технологиялардың бірқатарын пайдаланады. Мысалы, Сіздің GSK компаниясына беретін жеке ақпаратыңызды күзетілетін ғимараттарда орналасқан кіруге шектеу салынған серверлерде сақтаймыз. Өкінішке орай, ақпаратты Интернет арқылы беру 100% қауіпсіз болып табылмайды. Сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынымызға қарамастан, біздің Сайтымызға жіберетін жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз; ақпаратты жіберу жеке тәуекеліңізбен жүзеге асырылады. Ақпараттың жоғалмайтынына, тиісті түрде өзгертілетініне немесе пайдаланылатынына кепілдік бере алмайтынымызға қарамастан, Сіздің ақпаратыңызды алғаннан кейін осындай жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін біз коммерциялық тұрғыдан алғанда барлық орынды әрекеттерді қолданамыз.

 

ӨЗГЕРТУЛЕР

Біз осы «cookie» файлдарын пайдалану саясатына мезгілді түзетулер енгізуге құқылымыз. Егер енгізген өзгертулеріміз маңызды болып табылса, осы туралы веб-сайтқа хабарлама орналастырамыз. Осы Саясатты мезгіл-мезгіл қарап тұруыңызды ұсынамыз.