Жиі қойылатын сұрақтар
Тістің сезімталдығы туралы жиі қойылатын сұрақтар
-
Дентин деп аталатын тістің анағұрлым жұмсақ ішкі бөлігі жалаңаштала бастаған кезде сезімталдық өрши бастайды. Дентин эмаль мен қызыл иектің астында орналасқан. Дентин арқылы тістің ортасына қарай мыңдаған микроскопиялық арналар тарайды. Дентин жалаңашталған кезде сыртқы тітіркенгіштер (мысалы, суық сусындар) тістің ішіндегі жүйкені қоздырып, бұл тістің сезімталдығы салдарынан туындайтын өзіне тән қысқа уақыттық жіті ауырсынудың пайда болуына алып келеді. Көбірек білу үшін,
Тіс сезімталдығының себептері қандай деген бөлімді қара
-
Стоматологқа өз белгілеріңіз туралы айтып беріңіз. Ол сіздің мәселелеріңіздің басты себебі дәл тістің сезімталдығы екенін растай алады және сезімтал тіске күтім көрсету әдістері туралы кеңес бере алады, мысалы: тісті тазартудың оңтайлы техникасы, жиілігі мен уақыты туралы. Сондай-ақ, сіз әдеттегі тіс пастасын сезімтал тістерге арнайы әзірленген Sensodyne® сияқты күнделікті қолдануға арналған пастасына алмастыра отырып, ауырсыну сезімдерін азайта аласыз.
Сіз Сезімтал тіске тұрақты күтім бөлімінен көбірек біле аласыз .
-
Көптеген факторлар тістің аса сезімталдығынан зардап шегетін адамдарда ауыру мен ауырсыну ұстамасын тудыруы мүмкін. Төменде тісітң сезімталдығын тудыратын ең кеңінен тараған факторлар ұсынылған:
- Суық тамақ мен сусындар
- Ыстық тамақ пен сусындар
- Тәтті тағамдар
- Қышқыл өнімдер
- Суық ауа жұту
- Тіс тазарту
Көбірек білу үшін Тістің сезімталдығын тудыратын кеңінен тараған факторлар бөлімін қара.
-
Тістердің сезімталдығынан басқа, ауырсыну сезімдерінің көптеген әртүрлі себептері бар. Сондықтан сіз тістің ауырғанын немесе жайсыздық сезінетін болсаңыз, әсіресе, бұл ұзаққа жалғасатын болса, анағұрлым дұрыс қадам - стоматологтың кәсіби көмегіне жүгіну.
Көбірек білу үшін Тістердің аса сезімталдығының басқа да себептерін қараңыз.
-
Тісті аса жемір әдіспен және сіздің стоматологыңыз ұсынғаннан анағұрлым жиі тазарту қызыл иек рецессиясының себебіне айналуы мүмкін. Уақыт өте келе қызыл иектің төмен түсуі дентиннің жалаңашталуына және тістің аса сезімталдығына алып келуі мүмкін. Көбірек білу үшін,
Тістің аса сезімталдығының өзге себептері бөлімін қараңыз.
-
Бұл жерде тісті ағарту Сіздің стоматологыңыздың бақылауымен жүргізілетін ағарту процедураларын білдіреді. Бұндай процедуралар барысында ағартқыш заттар (асқын тотық) қолданылады, олар кейбір науқастарда тістің сезімталдығын тудыруы мүмкін. Бұндай сезімталдық дентиннің (тістің анағұрлым жұмсақ ішкі бөлігі) жалаңашталуы салдарынан туындайтын аса сезімталдық болып табылмайды. Сіз тісіңізді ағартқыңыз келсе, ағарту салдарынан тістің сезімталдығына қалай душар болмау керектігі туралы өз стоматологыңызбен кеңесіңіз .
Тісті ағарту тістің аса сезімталдығына алып келуі мүмкін бе бөлімінен көбірек ақпарат қараңыз
Сезімтал тіске арналған тіс пасталары туралы жиі қойылатын сұрақтар
-
Дентині жалаңашталған науқастар мысалы, суық немесе ыстық тамақ және сусындар салдарынан тістің сезімталдығына бейім болып келеді. Sensodyne® тіс пасталарының құрамдары әртүрлі екі әдіспен жұмыс істейді: Калий нитраты бар Sensodyne® тіс пасталары тістің ішіндегі жүйкені тыныштандырады. NovaMin® технологиясы бар Sensodyne® Қалпына келтіру және Қорғаныс тіс пастасы жалаңашталған дентиннің бетінде тұрақты қалпына келтіру қабатын түзіп, ауырсыну факторларының әсеріне кедергі келтіреді. Барлық Sensodyne® тіс пасталарының тісті күніне екі рет тазартқан жағдайда тістің сезімталдығынан туындайтын ауырсынуды басатыны дәлелденді.
-
Иә. Sensodyne® Нәзік ағарту сияқты тіс пастасына құрамына ағартқыш құрамдас бөліктер кіреді.
-
Тістің сезімталдығынан тұрақты қорғанысты қамтамасыз ету үшін әдеттегі тіс пастасының орнына Sensodyne® тіс пастасын күн сайын күніне 2 рет пайдаланыңыз. Өз стоматологыңызға жүгініп, ауыз қуысы гигиенасының Сіз үшін оңтайлы әдістері туралы кеңес беруді сұраңыз.
-
Тістің аса сезімталдығынан туындайтын ауырсыну сезімдерінен ұзақ уақыт қорғаныстың артықшылықтарын сезіну үшін сезімталдылықты төмендетуге арналған тіс пасталарын күніне екі рет пайдалану керек.
Клиникалық зерттеулер Sensodyne® пастасы сияқты құрамында калий нитраты бар тіс пасталарымен күніне 2 рет тазартқан жағдайда 2 аптадан соң тістің сезімталдығының төмендейтінін көрсетті.
Клиникалық зерттеулер тісті күніне 2 рет тазартқан кезде 5% NovaMin® қосылысы бар тіс пасталарының 1 аптадан соң ақ жұмыс істей бастайтынын және 2 апта пайдаланғаннан кейін айтарлықтай артықшылықты қамтамасыз ететінін, ал клиникалық жетістіктердің 6 айдан артық сақталатынын көрсетті.
Нұсқаулықты үнемі оқып, пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Сезімтал тістер бірден емдеуді талап ететін анағұрлым күрделі мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұл белгілер сақталатын болса немесе күшейетін болса, өз стоматологыңызға жүгініңіз.
-
Құрамында калий нитраты бар сезімтал тіске арналған тіс пасталарының тиімділігін зерттеген клиникалық зерттеу нәтижелері осы пасталарды пайдалануды тоқтатқан жағдайда сезімталдылықтан туындаған ауырсыну белгілерінің оралатынын көрсетті.
Sensodyne® тіс пасталары күнделікті пайдалануға арналған пасталар болып табылады және нұсқаулыққа сәйкес күніне 2 рет пайдаланған жағдайда дентиннің аса сезімталдығын төмендету үшін арнайы әзірленген.
Өтінеміз, тістің сезімталдығы, ауыз қуысы гигиенасының оңтайлы әдістері, дәл Сізге лайықты тіс пастасын таңдау мәселелеріне қатысты өз стоматологыңызға жүгініңіз.
Нұсқаулықты үнемі оқып, пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Сезімтал тістер бірден емдеуді талап ететін анағұрлым күрделі мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұл белгілер сақталатын немесе күшейетін болса, өз стоматологыңызға жүгініңіз. -
Sensodyne® тіс пастасын 12 жасқа дейінгі балалардың қолданбағаны жөн. Бұл жастағы балалар тістің сезімталдығынан сирек зардап шегеді. Кеңес пен нұсқау алу үшін балалар стоматологына жүгініңіз.
-
Иә, барлық Sensodyne®тіс пасталарының құрамында фтор бар.
-
Sensodyne® тіс пастасымен тазартқаннан кейін ауыз қуысына арналған шайқағышты пайдалануға болады ма?
Иә, Сіз Sensodyne® тіс пастасымен тазартқаннан кейін ауыз қуысына арналған шайқағышты пайдаланала аласыз. Ауыз қуысы гигиенасының оңтайлы әдістеріне қатысты өз стоматологыңызбен кеңесіңіз.
Sensodyne® предлагает ополаскиватель для полости рта для ежедневного использования, который специально разработан для защиты от чувствительности зубов, а также содержит фтор, который помогает укреплять эмаль зубов. -
Түрпілік индексі (RDA) тіс пастасы түрпілігінің жалпылай қабылданған шарасы болып табылады. Барлық Sensodyne® тіс пасталары Америкалық стоматологиялық қауымдастықтың (ADA), Тағамдық өнімдер мен дәрілік құралдардың сапасын бақылау басқармасының (FDA) және Күнделікті қолдануға арналған тіс пасталары үшін Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым нұсқаулығының (ISO) талаптарына сәйкес келеді.
Sensodyne® тіс пасталары үшін RDA мәні өнімнің нұсқасына байланысты 13 пен 140 диапазонында болады. RDA мәні 250-ден кем тіс пасталары күнделікті пайдалануға жарамды болып есептеледі. -
Дентиннің аса сезімталдылығы тістің дентині жалаңашталған кезде туындайтын тістің кең тараған әрі ауырсыну күйі болып табылады (әдетте тістің рецессиясы салдарынан немесе тістің тозуынан).
Тісті кәсіби ағарту процедуралары кезінде және кейін туындайтын сезімталдылық өзге сипатқа ие. Бұл жағдайда ағартқыш зат тіске еніп, сезімталдылықты тудырады деп есептеледі.
Клиникалық зерттеулер құрамында калий нитраты бар тіс пасталарының кәсіби ағарту процедуралары салдарынан туындаған сезімталдылықты төмендететінін көрсетті. Осы зерттеулер барысында құрамында калий нитраты бар Sensodyne® тіс пастасын ағарту процедураларына дейін және осы процедуралар кезінде екі апта бойына пайдаланған қатысушылардың фторы бар әдеттегі тіс пастасын пайдаланушылармен салыстырғанда тістің сезімталдылығынан анағұрлым азырақ зардап шеккенін көрсеттіАғарту процедураларынан өтуді жоспарлап отырған болсаңыз, ағартқыш заттардың салдарынан туындайтын тістің сезімталдылығына қатысты өз стоматологыңызбен кеңесіңіз. Sensodyne® құралдарын қаптамада көрсетілгендей пайдаланыңыз.
Sensodyne® тіс шөткесі
-
Sensodyne® жұмсақ тіс шөткесі жібек қылтақтарының көмегімен тісті нәзік тазарту үшін арнайы әзірленген. Қылтақ ұштарының дөңгелетілген нысаны тіс эмалін кетірудің алдын алады. Sensodyne®жұмсақ тіс шөткесі сезімтал тістерге керемет үйлеседі және тісті нәзік тазартып, қызыл иекке жұмсақ әсер етуге арналған.