Sensodyne® Кешенді қорғаныс

Өнімнің артықшылықтары:

  • Тістің сезімталдығынан туындайтын ауырсыну сезімдерін азайтады *
  • Эмальді қорғайды
  • Сергектік сезімін сыйлайды
  • Гингивиттің алдын алуға көмектеседі*
  • Тісті ағартады*
  • Тіс өңезінің түзілуінен қорғайды*

Sensodyne®-ң артықшылықтары:

  • Тістің сезімталдығын төмендету*
  • Тіс жегісінен қорғау
  • Сергек дәм
  • Тістің сезімталдығынан ұзақ уақыт қорғаныс*

Sensodyne® Комплексная Защита тіс пастасы ұзақ уақыт қорғау үшін сіздің тісіңіздің сезімтал бөлігінің бетінде қорғаныс қабатын түзеді* және сізге қажетті  ауыз қуысы күтімінің барлық артықшылықтарын сезімтал тіске арналған бір кешенді құрамда қамтамасыз етеді. Тісті күніне 2 рет тазартқан кезде    Sensodyne® Комплексная Защита пастасы эмальдің қаттылығын нығайтып, қалпына келтіреді, тіс өңезінің түзілуінен қорғайды,  қызылиектің саулылығын сақтайды және сіздің тісіңіздің табиғи ақтығын қалпына келтіруге көмектеседі

*Күніне 2 рет тазартқан кезде

Sensodyne® тіс пастасы | Кешенді қорғаныс

Өнім туралы мәліметтер

Белсенді заттар

Мырыш цитраты, натрий фториді

Белсенді емес  заттар

Су, сорбитол,  гидратталған кремний диоксиді, глицерин, калий нитраты, кокамидопропилбетаин, хош иістендіргіш, мырыш цитраты, ксантан шайыры, титан диоксиді, натрий фториді, натрий сахарині, натрий гидроксиді, сукралоза, лимонен, эвгенол

Нұсқау

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Ересектер мен 12 жасқа толған және асқан балалар:

  • Жұмсақ қылтақты тіс шөткесіне ұзындығы кемінде 1 дюйм  пастаны жағыңыз.
  • Тісті күніне екі рет (таңертең және кешке), бірақ күніне 3 реттен асырмай кемінде 1 минут бойы мұқият  тазартыңыз немесе  өз стоматологыңыздың  немесе емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларына сәйкес тазартыңыз. Тістің барлық сезімтал бөліктерін тазартуға тырысыңыз.  Пастаны барынша аз жұтуға тырысыңыз.  Тісті тазартып болғаннан кейін пастаның қалдықтарын түкіріп тастаңыз.  

12 жасқа толмаған балалар:

  • Стоматологпен немесе емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз

Ескертулер

Өнімді пайдаланатын кезде тітіркену туындайтын болса, пастаны пайдалануды тоқтату керек.
Мына жағдайларда өнімді пайдалануды тоқтатып, өз стоматологыңызға жүгініңіз:

  • Тістің сезімталдығы сақталатын немесе күшейетін болса.  Тістің сезімталдығы бірден стоматологта емделуді талап ететін күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін.
  • Ауырсыну сезімдері/тістің сезімталдығы өнімді 4 апта пайдаланғаннан кейін де  сақталатын болса.
  • Гингивит, қызыл иектің қабынуы немесе қызаруы 2 аптадан артық сақталатын болса  
  • Сіз қызыл иектің ауырғанын немесе ісігенін сезетін болсаңыз, қызыл иек сызығының астынан іріңнің бөлінгенін, тістің түскенін немесе тіс аралығының алшақтағанын байқайтын болсаңыз. Жоғарыда көрсетілген белгілер  периодонтит, қызыл иек ауруының күрделі нысандары кезінде асқынуы мүмкін

Sensodyne онлайн диагностикасынан өтіңіз

Sensodyne® онлайн диагностикасынан өтіңіз

Ыстық, суық, тәтті тамақ Сізде кейде кенеттен қатты ауырсыну тудырады ма ? Мүмкін, Сіздің тісіңіз сезімтал шығар.   Тістің сезімталдығы мен Сізге көмектесе алатын құралдар туралы көбірек білу үшін   Sensodyne® онлайн диагностикасынан өтіңіз

Онлайн диагностикадан өту

Sensodyne Қалпына келтіру және Қорғау

Sensodyne® Восстановление и Защита

Sensodyne® Қалпына келтіру және Қорғау тіс пастасы сезімтал тістердің зақымдалған телімдерін қалпына келтіреді.

Өнімдер каталогын қарау