Sensodyne® Мгновенный Эффект

Өнімнің артықшылықтары:

  • Тістің сезімталдығынан туындайтын ауырсыну сезімдерін 60 секундтың ішінде азайтады *
  • Эмальді қорғайды
  • Сергектік сезімін сыйлайды
  • Гингивиттің алдын алуға көмектеседі*
  • Тіс өңезінің түзілуінен қорғайды*

Sensodyne®-ң артықшылықтары:

  • Жаққаннан кейін 60 секундтан соң  тістің сезімталдығын төмендетеді  және тістің аса сезімталдығы кезінде ауыруды лезде және ұзақ уақытқа басуды қамтамасыз етеді.
  • Дентиннің бетінде және дентин арналарының ішінде оқшаулау қабатын құрады.
  • Құрамындағы фтордың арқасында тіс жегісінен қорғайды

Sensodyne® Мгновенный Эффект тіс пастасы жаққаннан кейін 60 секундтан соң  тістің сезімталдығын төмендеуге ықпал етеді, тістің аса сезімталдығы кезінде ауыруды лезде және ұзақ уақытқа басуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар  дентиннің бетінде және дентин арналарының ішінде оқшаулау қабатын құрады. Тісті күніне 2 рет тазартқан кезде   Sensodyne® Мгновенный Эффект пастасы құрамындағы фтордың арқасында эмальді нығайтып, оның қаттылығын қалпына келтіреді

*Күн сайын күніне 2 рет тазартқан кезде

 Sensodyne® тіс пастасы |Лездік әсер

Өнім туралы мәліметтер

Белсенді заттар

Стронций ацетаты, Натрий метил кокоил таураты,  натрий пропилпарабені

Белсенді емес  заттар

Су, сорбитол,  гидратталған кремний диоксиді, глицерин,  стронций ацетаты, натрий метил кокоил таураты, титан диоксиді, хош иістендіргіш, натрий сахарині, натрий фториді, натрий пропилпарабені, натрий метилпарабені, лимонен

Нұсқау

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Ересектер мен 12 жасқа толған және асқан балалар:

  • Жұмсақ қылтақты тіс шөткесіне ұзындығы кемінде 1 дюйм  пастаны жағыңыз.
  • Тісті күніне екі рет (таңертең және кешке), бірақ күніне 3 реттен асырмай кемінде 1 минут бойы мұқият  тазартыңыз немесе  өз стоматологыңыздың  немесе емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларына сәйкес тазартыңыз. Тістің барлық сезімтал бөліктерін тазартуға тырысыңыз.  Пастаны барынша аз жұтуға тырысыңыз.  Тісті тазартып болғаннан кейін пастаның қалдықтарын түкіріп тастаңыз.  

12 жасқа толмаған балалар:

  • Стоматологпен немесе емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз

Ескертулер

Өнімді пайдаланатын кезде тітіркену туындайтын болса, пастаны пайдалануды тоқтату керек.
Мына жағдайларда өнімді пайдалануды тоқтатып, өз стоматологыңызға жүгініңіз:

  • Тістің сезімталдығы сақталатын немесе күшейетін болса.  Тістің сезімталдығы бірден стоматологта емделуді талап ететін күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін.
  • Ауырсыну сезімдері/тістің сезімталдығы өнімді 4 апта пайдаланғаннан кейін де  сақталатын болса.
  • Гингивит, қызыл иектің қабынуы немесе қызаруы 2 аптадан артық сақталатын болса  
  • Сіз қызыл иектің ауырғанын немесе ісігенін сезетін болсаңыз, қызыл иек сызығының астынан іріңнің бөлінгенін, тістің түскенін немесе тіс аралығының алшақтағанын байқайтын болсаңыз. Жоғарыда көрсетілген белгілер  периодонтит, қызыл иек ауруының күрделі нысандары кезінде асқынуы мүмкін
Sensodyne онлайн диагностикасынан өтіңіз

Sensodyne® онлайн диагностикасынан өтіңіз

Ыстық, суық, тәтті тамақ Сізде кейде кенеттен қатты ауырсыну тудырады ма ? Мүмкін, Сіздің тісіңіз сезімтал шығар.   Тістің сезімталдығы мен Сізге көмектесе алатын құралдар туралы көбірек білу үшін   Sensodyne® онлайн диагностикасынан өтіңіз

Онлайн диагностикадан өту

Sensodyne Қалпына келтіру және Қорғау

Sensodyne® Восстановление и Защита

Sensodyne® Қалпына келтіру және Қорғау тіс пастасы сезімтал тістердің зақымдалған телімдерін қалпына келтіреді.

Өнімдер каталогын қарау