Қолдану ережелері

1.Талаптарды қабылдау

Осы сайтқа көшу және оны пайдалану  келесі талаптарға және барлық қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.  Осы сайтқа кіретін және оны қарайтын кезде  сіз ешбір шектеулерсіз немесе ескертпелерсіз осы талаптарды қабылдайсыз, сонымен қатар  Сіз бен  «ГСК КХ» ЖШС, оның «ГлаксоСмитКляйн» (бұдан әрі – «ГСК») Компаниялар тобына кіретін үлестес тұлғалары арасында осы сайтты пайдалануға қатысты кез келген өзге келісімдердің тоқтатылып, өз күшін жоятынын мойындайсыз

2. Медициналық ақпарат/талаптар

Осы веб-сайтқа орналастырылған өнім туралы ақпаратты ГСК ұсынған және жалпы мәліметтерді ғана қамтиды.  Осы жерде айтылған көптеген фармацевтикалық препараттар  мен медициналық аспаптар дәрігердің немесе білікті медициналық маманның рецепті бойынша ғана жіберіледі және барлық елде қол жетімді болмайды. Өнім туралы ақпаратта толық медициналық ақпарат жоқ.  Осы веб-сайттағы ешбір мәлімет кеңес беру немесе ұсынымдарды қабылдау ретінде пайымдалмауы тиіс.  Веб-сайттағы ақпарат шешімдерді қабылдауға немесе қайсы бір әрекеттерге негіз ретінде қолданылмауы тиіс.   ҚАЙСЫ БІР АУРУЛАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА БІРДЕН ДӘРІГЕРГЕ НЕМЕСЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЖҮГІНІҢІЗ.  БІЗ КӘСІБИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИАГНОЗ ҚОЙМАЙМЫЗ ЖӘНЕ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР БЕРМЕЙМІЗ.   Жазылған препараттар немесе медициналық аспаптар туралы толық медициналық ақпаратты (қолдану әдістері және болжамды жанама әсерлері туралы) сол медициналық препараттарды немесе аспаптарды жазып берген дәрігерден  және мүмкін болған жағдайда, өзге медициналық консультанттан алуыңыз тиіс. Медициналық мамандарға толық медициналық ақпаратты өнімнің ақпараттық парағынан алуға болады. Осы өнімдер туралы ақпарат әртүрлі елдерде ерекшеленуі мүмкін.  Науқастар, дәрігерлер мен өзге медициналық мамандар   сол ел үшін күшке ие болатын ақпаратты алу үшін жергілікті медициналық қорларға және  реттеуші органдарға жүгінуі тиіс. Сондай-ақ, көптеген елде ағымдағы нормалар ГСК компаниясының ақпарат беру және/немесе рецепт бойынша жіберілетін препараттарға қатысты науқастардың сұрақтарына жауап беру қабілетін  шектеуі мүмкін (немесе кейбір жағдайда тіпті тыйым салуы мүмкін). Бірақ  ГСК компаниясы  жергілікті нормаларға сәйкес сіздің медициналық маманыңызға ақпарат беріп, сұрауларыңызға жауап береді.   
ГлаксоСмитКляйн компаниясының препараттары туралы қосымша ақпарат сұрату бойынша ұсынылады.  Жағымсыз көріністер немесе өнім сапасына қатысты кінәраттар туындаған жағдайда    "ГСК КХ ҚАЗАҚСТАН" ЖШС-не жүгінуді сұраймыз: 050008,  Алматы қ.,   Манас к-сі, 32А.
Тел.: +7 (727) 244-69-99. Факс: +7 (727) 244 69 97. Электронды пошта: kz.safety@gsk.com

3. Ақпаратты пайдалану

Сіз бұл веб-сайтты шектеусіз қарай аласыз, бірақ  осы веб-сайттан алынған ақпаратты, сонымен қатар мәтінді, суретті, аудио- және бейне файлдарды («Ақпарат») жеке коммерциялық емес пайдалану үшін ғана қарауға, жүктеуге немесе пайдалануға болады.  ГСК компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ақпаратты коммерциялық мақсатта таратуға, өзгертуге, табыстауға, қайта пайдалануға, жариялауға немесе қолдануға тыйым салынады. Жүктелетін ақпаратта көрсетілген  авторлық құқықтар туралы барлық хабарландыруларды немесе меншік иесінің өкілеттігі туралы өзге ақпаратты сақтап,  көшірмесін түсіру керек. Өзге хабарландырулар болмаған жағдайда осы веб-сайтта жарияланған бүкіл мәтіндік немесе графикалық ақпаратқа авторлық құқықтар таралады. Бұндай ақпарат ГСК компаниясының жазбаша рұқсатынсыз веб-сайтта жарияланған талаптарға немесе осы талаптарға сәйкес қана қолданылуы тиіс.  Осы параграфта өзге жағы қарастырылмаған болса,   ГСК  колмпаниясы  осы веб-сайтта жарияланған материалдарды  пайдалану ГСК компаниясына тиесілі емес және онымен байланысы жоқ өзге үшінші тараптардың құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік бермейді және бұл туралы мәлімдемейді.  Жоғарыда көрсетілген шектеулі уәкілеттіктерден басқа   ГСК  компаниясы лицензияларды немесе ақпарат құқығын немесе ГСК компаниясының немесе үшінші тараптардың кез келген авторлық құқықтарын ұсынбайды және бермейді

4.Сауда маркалары/меншік құқықтары

Осы веб-сайтта аталған және ірі қаріппен, курсивпен немесе сауда таңбасының символымен белгіленген өнімдердің барлық атаулары ГСК компаниясының сауда таңбалары болып табылады.   Бұл сайтта сонымен қатар патенттер мен оларға сілтемелер, меншік құқығы, технологиялар, өнімдер, процестер немесе ГСК компаниясы мен/немесе үшінші тараптардың өзге авторлық құқықтары туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін. Бұл сайтта сонымен қатар патенттер мен оларға сілтемелер, меншік құқығы, технологиялар, өнімдер, процестер немесе ГСК компаниясы мен/немесе үшінші тараптардың өзге авторлық құқықтары туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін. Осы веб-сайтта курсивпен басылған барлық өнім атаулары ГСК-ға  тиесілі  немесе ол лицензия бойынша пайдаланатын сауда таңбалары болып табылады.  ГСК  компаниясы қайсы бір меншік құқығына, сонымен қатар  осы веб-сайтта пайда болатын кез келген бөгде сауда  маркаларына иемденуге үміттенбейді. Үшінші тұлғалардың сауда таңбалары олардың иегерлерінің өнімдері мен қызметтерін сәйкестендіру үшін ғана қолданылады және ГСК компаниясының тарапынан   осы тауар таңбаларын пайдаланудан алуға болатын демеушілік немесе қолдау байқалмауы тиіс

5.Кепілдіктерден бас тарту

Осы веб-сайт ГСК компаниясының сервисі ретінде әзірленген. ГСК компаниясы ақпараттың дәлділігі мен өзектілігін қамтамасыз етуге барлық қажетті күш-жігерін салады,   бірақ  онда дәлсіздіктер немесе типографиялық қателіктер болуы мүмкін немесе біраз уақыттан кейін ескіруі мүмкін.  ГСК компаниясы  кез келген уақытта алдын ала хабарландырусыз ақпаратқа, сонымен қатар осы ақпаратта сипатталған өнімдер мен бағдарламаларға өзгерістер, түзетулер енгізу және/немесе жетілдіру құқығын өзіне қалдырады.  ГСК компаниясы  Ақпараттың кез келген бөлігінің дәлділігіне қатысты кепілдіктер немесе растаулар бермейді. Компания осы веб-сайттағы қателіктер немесе олқылықтар үшін жауапкершілік арқаламайды. Бүкіл ақпарат сол қалпында ұсынылады.   ГСК осы веб-сайтта жарияланған ақпараттың толықтығы мен дәлділігіне немесе оны болжамды пайдалануға қатысты кепілдіктер бермейді. Осылайша, веб-сайтқа кірушілер ақпаратты мұқият бағалауы тиіс.  ГСК  немесе «ГлаксоСмитКляйн» компаниялар тобына кіретін өзге үлестес тұлғалар, сонымен қатар осы веб-сайтты әзірлеуге, құруға немесе жүзеге асыруға қатысатын өзге тараптар   осы веб-сайттың мазмұнындағы қателіктерді немесе олқылықтарды қоса алғанда,  осы сайтқа кірумен, оны пайдаланумен немесе пайдалана алмаумен байланысты тікелей, кездейсоқ, кейін туындайтын, тікелей немесе айыппұлдық залалдар үшін жауапкершілік арқаламайды.   Кейбір аймақтарда болжамды кепілдіктерді алып тастауға рұқсат етілмеген, сондықтан біздің жағдайымызда жоғарыда көрсетілген алып тастау қолданылмайды. Сонымен қатар  ГСК осы ақпаратты пайдалану немесе қолдану салдарынан  сіздің компьютерлік жабдығыңызда немесе өзге меншігіңізде пайда болуы мүмкін зақымдаулар немесе вирустар үшін жауапкершілік арқаламайды. ГСК  хабарландырусыз және ешбір міндеттемелерсіз кез келген уақытта осы веб-сайтты жою  құқығына өзіне қалдырады

6. Сіз бізге ұсынатын ақпарат

Осы конфиденциалдылық саясатында қарастырылған ақпаратты қоспағанда, сіз электронды пошта арқылы немесе өзге түрде веб-сайтқа беретін мәліметтер мен материалдар, сонымен қатар деректер, сұрақтар, түсіндірмелер, ұсыныстар конфиденциалды немесе дербес ақпарат ретінде бағаланбайды.  Барлық табысталатын немесе жарияланатын деректер   ГСК мен аралас компаниялардың меншігіне айналады және кез келген мақсатта,  оның ішінде    ұсыну, ашу, табыстау, жариялау, тарату және ауыстыру мақсатында қолданыла алады. Сондай-ақ, ГСК ұсыну себебіне қарамастан сіз осы веб-сайтқа беретін   осы ақпаратта қамтылатын кез келген идеяны, концепцияны, ноу-хауды немесе технологияларды және осы ақпаратты пайдалана отырып әзірленген өңдемелерді, өндірісті және өнім маркетингін өтемақысыз еркін пайдалана алады

7. Әлемдік нарықтағы өнімдер

Бұл веб-сайт  әлемдік нарықта ұсынылған өнімдер мен қызметтер туралы ақпаратты қамтуы мүмкін, сол елде осының барлығы қол жетімді болмауы мүмкін.  Осы веб-сайттағы өнімге немесе қызметке сілтеме бұл өнімнің немесе қызметтің сіздің аймақта қол жетімді екенін немесе қол жетімді болатынын білдірмейді. Осы веб-сайтта аталған өнімдер қолданылу еліне байланысты түрлі нормативтік талаптарға бағынуы мүмкін. Осылайша, кірушілерге  осы веб-сайттың белгілі бір бөлімдерінің белгілі бір мамандарға немесе белгілі бір ел тұрғындарына арналғаны туралы хабарлама болуы мүмкін.  Осы веб-сайттағы ақпарат сіз тұратын елдің заңдары мен нормаларына қайшы келмейтін болса, өнімдерді немесе оларды пайдалану әдістерінің жарнамасы ретінде бағаланбауы тиіс

8. Құқықтық ескертпе

Осы веб-сайттағы ақпарат қаражатты инвестициялауға, бағалы қағаздарды немесе ГСК американдық депозитарлық қолхаттарын сатып алуға/сатуға  шақыру немесе шақыру ұсынысы   ретінде бағаланбауы тиіс. Атап айтқанда, нақты нәтижелер мен өңдемелер  осы веб-сайтта жарияланған болжамдардан, пікірлерден немесе үміттерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін және бағалы қағаздардың бұрын белгіленген құны оның болашақ құнын анықтау негізі ретінде қолданылмауы тиіс

9. Осы веб-сайтқа сілтеме

ГСК осы веб-сайтқа сілтемені қамтитын үшінші тараптардың веб-сайттарын тексермейді және осы веб-сайтпен сілтемелермен байланысқан  өзге веб-сайт беттерінің мазмұнына жауап бермейді.  Сіз осы веб-сайтты  өзіңіздікімен сілтеме арқылы байланыстырғыңыз келсе,  сілтемені үйдегі бетке орналастырыңыз.  ГСК-ң алдын ала жазбаша келісімінсіз осы веб-сайттың өзге беттеріне сілтеме орналастыруға тыйым салынады.   Алдын ала келісімсіз үшінші тараптардың веб-сайттарында  осы веб-сайттың бір бөлігінен/бөліктерінен  үзінді келтіруге немесе пайдалануға тыйым салынады

10. Өзге веб-сайттарға сілтемелер

Үшінші тараптардың веб-сайттарына сілтемелер осы веб-сайтқа кірушілердің мүддесінде және ыңғайлылығы үшін ұсынылған. Біз осы веб-сайттан шығатын кезде  пайдаланушыға үшінші тараптардың веб-сайттарын пайдалану талаптары мен олардың конфиденциалдылық саясатының біздікінен ерекшеленуі мүмкін екендігі туралы ақпараттандыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бірақ ГСК  біздің веб-сайттан өзге веб-сайттарға жасалған сілтемелер үшін жауап бермейді және атап айтқанда, олардың мазмұнының дәлділігі мен заңдылығына қатысты жауап бермейміз.  Біз үшінші тараптардың конфиденциалдылық саясатын бұзуы немесе олқылық жіберуі салдарынан туындайтын жауапкершілікті арқаламаймыз.  ГСК үшінші тұлғалардың кез келген сайттарын пайдаланудан тікелей немесе жанама залалдар үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды

11. Осы веб-сайтта ақпарат жариялау

ГСК  уақытылы талқылауларды, чаттарды, басылымдарды, берілген файлдарды, веб-сайттағы ақпараттық тақталарды қадағалап отыруы немесе тексеруі мүмкін, бірақ ГСК компаниясы  осы бөлімдердің мазмұнынын туындайтын жауапкершілікті арқаламайды, сонымен қатар  веб-сайттың аталмыш бөлімдерінде жарияланған ақпарат құрамындағы қателіктер, жала, балағат, айыптау, олқылық, алдау, жарнама, әдепсіздік, порнография, боқтық сөздер,қоқан-лоқы, конфиденциалды ақпараттың ашылуы немесе дәлсіздіктер үшін жауап бермейді.   Заңға қайшы, жарнамалық, қоқан-лоқы көрсететін, жала жабатын, масқаралаушы,  әдепсіз, жанжал тудыратын, арандатушы,  порнографиялық немесе қорлаушы материалдарды, сонымен қатар  қылмыстық әрекетті құрауы немесе оған түрткі болуы мүмкін, азаматтық жауапкершілікке тартуға немесе заңның басқа да бұзушылықтарына себепші болуы мүмкін материалдарды жариялауға немесе табыстауға тыйым салынады.   ГСК  кез келген құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетеді, сонымен қатар аталмыш материалдар мен ақпаратты жариялайтын тұлғалардың жеке  басын ашу туралы сұратуға немесе бұйрыққа қатысты сот қаулысын орындайды

12. Зардаптары

Бізге пайдаланушының осы заңды мәлімдемеде көрсетілген талаптардың кез келгенін бұзғаны белгілі болған жағдайда біз ГСК қызметтерін пайдалануға тыйым салуды, кез келген уақытта және ешбір хабарландырусыз пайдаланушы осы сайтта орналастырған кез келген ақпаратты, деректерді немесе оның ішіндегі мәліметті жоюды қоса алғанда, бірден түзетуші әрекеттерді қолдана аламыз.   Осындай бүұзушылық салдарынан біз шығынға ұшырайтын болсақ, біз өзіміздің жеке қарауымыз бойынша осы залалдың орнын толтыруды талап ете аламыз

13.Тексерулер

ГСК кез келген уақытта осы талаптарды тексеріп, оған енгізілген өзгерістерді жариялай алады.  Бұндай жаңартулар міндетті күшке ие болады, сондықтан уақытылы күшке ие талаптармен танысып отыру үшін осы бетке кіріп отырған жөн.  Осы сайтқа кіруге, сонымен қатар оның ішіндегі ақпаратты пайдалануға қатысты «Пайдалану ережелері» ережелерінің күші таралады. Бұл сайт Қазақстанның резиденттеріне ғана арналған